Posted in Uncategorized

Мәнерлеп сырғанау спорт түрі жайлы

Мәнерлеп сырғанау – ең әдемі спорттың бірі. Адамдар коньки жайлы көне заманнан бері білген.Алғаш рет екі қабырғасы бар темір конькилерді ер адамдар ойлап тапқан. Мұндай конькилер мұзда еркін сырғанауға мүмкіндік берген. Заманауи мәнерлеп сырғанау түрі теледидардың пайда болуымен бейімделді. Коньки сонау қола дәүірінен бастау алған. Археологтардың айтуы бойынша бірінші табылған коньки түрі ірі жануарлардың сүйегінен жасалған. Бұндай тапқыштар көбінесе Еуропа елдерінен табылатын. Ең көне коньки Одесса қаласында табылған.

Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау белсенді түрде дамымаған. Алайда, бұл спорт түрінде спортшылар бірнеше рет жеңіске жеткен. Қысқы олимпидаларда бірінші жеңіс алғаш рет 2001 жылы болды.Елімізде спортшылардың және жаттықтырушылардың аздығына байланысты, Қазақстан спортшылары АҚШ пен Рессейде жаттығуға мәжбүр. ҚР чемпионат жеңімпаздары: Юрий Литвинов, Иляс Галимханов, Станислав Гусев, Денис Тен, Абзал Ракимгалиев.

Әйелдер арасындағы чемпионат жеңімпаздары: Марина Халтурина, Светлана Бокачева, Наталья Князева, Надежда Порецкая және т.б.