Бүгінгі жазбада, SDU-да 18 қазан күні өткен «Welcome party» мерекесі жайында кішігірім фоторепортаж болады.
Фоторепортаждың алғашқы кейіпкерлері 1-ші курс студенттері. Томирис, Анель, Меруерт және Даниял есімді студенттер.Меруерт және оның досы Қыздардан құралған «Orlean» тобы. Факультеттер арасындағы би сайысы. Суретте билеп жатқан құқық және әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің қыздары. Дәл сол факультеттің 1-ші және 2-ші курс студенттері.
Осы кеште факультет арасындағы сайыста, жеңімпаз атағына СДУ бизнес-мектебінің студенттері иеленді
Бәріне сәлем! Бүгінгі блоқтағы жазба ерекше болмақ, себебі арнайы блог үшін, жұлдызым әрі жақын құрбым Әбзелева Қызжібекпен сұхбат құрдым. Сұхбат барысында деталь негізінде фотоаппаратты байқадым. Демек, бүгінгі жұлдызымның оқиғасы фотоаппаратпен байланысты болады. Бұл деталь және оқиға Қызжібектің кәсіби қызығушылығына, мамандығына қатысты.
Фотоаппараттың тарихы 2015 жылы, яғни Қызжібек 9 сынып оқып жүргенде басталды. Жұлдызымның айтуынша, сурет түсіруді мектеп кезінен ұнатады. Басты хоббиі десем қателеспеймін. Алайда, сол шығармашылық хоббиін басында ұялы телефонына түсіріп бастаған. Көп ұзамай, Қызжібектін сапалы суреттерін байқаған ата-анасы кәсіби фотоаппаратты сыйлайды. Сапалы фотоаппаратты мұқият таңдаған екен. Таңдау екі фотоаппараттың арасында болды. “Canon” және “Polaroid”. Таңдау «Canon” фотоаппаратына түсті. Сол құралды сатып ала салысымен «Canon» компаниясы сурет түсіру үшін тегін курсына сертификат берген. Демек, кәсіби бағытындағы жұмыстар жақсы басталған. «Canon» фотоаппараты қазіргі уақытқа дейін талай суреттер мен жұмыстар жасалды. Алғашқы жұмыстарының бірі «Facebook» желісінде өткен арнайы сайыс үшін жасалған болатын. Сайыс «Kpop сен үшін не?» атты тақырыпта өтті. Сайысқа тіркелгеннен соң, бейнені түсіруге інісі Даниял екеуі бірден кіріскен.
Біраз уақыт өткен соң, Қызжібек байқаудың жеңімпазы болып табылатыны туралы хабарландыру келіп түсті. Осылайша ол корей тобының «VIXX»концертіне тегін билет ұтып алды. Сол уақытта Қызжібектің жасы 15 болатын. Алғашқы фоторепортажы дәл сол жасында жасалған. Осы хоббидің арқасында оның болашақ мамандығы шығармашылықпен, яғни журналистикамен байланысты болатынын көп ойланбастан шешті. Алдағы уақытта, кәсіби өмірін осы саласына арнайтынын айтты. Ол фотоаппарат қазіргі уақытқа дейін қызмет етіп жұр. Бүгінгі күнге дейін оған сапалы және қызықты жұмыстар жасалды. Тіпті түрлі фотосессиялар да жасалады. Болашақта хобби Кизи » Polaroid «деп аталатын фотоаппаратты сатып алғысы келеді. Себебі, бұл аппарат жылдам суреттер жасайды. Ол тек хобби үшін. Міне, осылайша менің жұлдызымның оқиғасы аяқталды.
Бүгінгі блогтағы жазба өзім маңызды деп тапқан екі жаңалықты өзара салыстыра отырып жазып, өзімнің жеке көзқарасымды білдіретін боламын. Екі жаңалық та «Almaty Aqshamy» газетінен алынған.
Бірінші жаңалық: Зейнетке шығу жасы өзгермейді. Шыққан мерзімі: 17 қазан, бейсенбі, №124. Авторы: Нұржамал Тегінбайқызы. Дереккөз: Қасым-Жомарт Тоқаев. Лауазымы: Қазақстан Республикасының президенті. Жаңалықтың драйвері: конфликт. Себебі, зейнетке шығу мәселесі өзекті болып табылады. Жаңалық көршісі: хабарлау. Бұл мақаланы таңдаған себебім, Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі. Мақала авторының жазуынша, қазір қарапайым халық арасындағы ең маңызды әңгімелердің бірі – келер жылдан бастап ендірілетін көпбалалы отбасыларын әлеуметтік қолдаудың жаңа форматымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтылып қалған әйелдерді 55 жаста, ал ерлерді 60 жаста зейнетке шығару туралы сөз екендігі даусыз. Алайда, халық арасындағы бүкіл әңгімеге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нүкте қойып, 2018 жылдан басталған зейнет жасы өткен жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы 58,5 жасты құраса, ал биыл 59 жасты құрады. Сонымен қатар әр жыл сайын жарты жыл қосылып отырады. 2021 жылдың қатарынан – 60 жаста, ал 2027 жылға дейін – 63 жаста шығатын болса, қазіргі жастардың болашақтағы зейнеттік өмірі қандай болмақ? Бұл сұрақтың жауабы мені ғана алаңдатпайтынына сенімдімін.
Екінші жаңалық: Тасқынға тосқын қойылып, жеті үй қайта салынады. Шыққан мерзімі: 17 қазан, бейсенбі, №124. Авторы: Нұржамал Байсақал. Дереккөз: Ермек Тілекенов. Лауазымы: Медеу ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы. Жаңалықтың драйвері: конфликт. Бірінші жаңалықтағыдай, маңызды мәселе. Себебі, бұл жағдаймен Медеу ауданының тұрғындары ұзақ уақыттан бері қарбаласып келе жатыр. Бұл мәселе қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесуден кейін шешіле бастады. Алайда, аудан тұрғындарының әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына айрықша көңіл бөлген Бақытжан Әбдірұлы. Сол кісінің шұғыл тапсырмасы берілгендіктен, қазіргі таңда көшкін қауіпі бар Көктөбе бөктерін нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Екі жаңалықты салыстыра отырып, екеуіде әлеуметтік мәселеге жататынын байқадым. Журналистер екі жаңалықты да оқырмандарға барынша ашып, жеткізген. Меніңше, екінші жаңалықтың тақырыбы жақсы қойылған.
Фотосурет ғаламтордан алынған. Сурет оқиғамен байланысты.
Блогтағы бүгінгі жазба «Таксистпен оқиға» атты тақырыпта болады. Нақтырақ айтқанда белгілі бір детальдің оқиғасын жазамын. Жалпы әр нәрсенің тарихы болады. Қандай деталь екені қызық па? Қызық болса оқиғаны бастайын.
Күздің сенбілік таңында құрбым екеуміз қалаға жұмыс бабымен шықтық. Сол күні уақыттың тығыздылығына байланысты әдеттегідей автобуспен емес таксимен баруды жөн көрдік. Қаскелең қаласынан қалаға дейін жету аса қиындықты тудырмайды. Алайда, сол күні уақытымыз такси ұстаумен кетті. Біраз уақыт өткен соң көптен күткен такси тоқтады. Таксист айтқан жерімізге дейін апарып тастауға бірден келісті. Әдетте таксиға отырған кезде, бірден ұялы телефонымды шығарып, Instagram желісінде жаңалықтарды оқуға кірісетінмін. Бұл жолы біраз басқаша болды, себебі көзім бірден көлік ішінде ілініп тұрған тәспіге түсті. Тәспінің түсі көк түсті болды, оның үстіне күннің сәулесі тәспінің тастарына түсіп тұрған сәтте, мен үшін ол көрініс әдемі болып көрінді. Ол детальді біз кез келген көліктен кездестіре аламыз. Бірақ, менің естуімше тәспіні көлікке әдемілік үшін немесе көз тимес үшін ілген дұрыс емес. Өйткені, тәспіні қай жерде болмасын тиісті мақсатында қолдану керек. Таксист ағайдың жасы үлкен болғандықтан, осы ұғым қаншалықты дұрыс екенін анықтау мақсатында, әнгімеге тарттым. Сонымен қатар детальдың да тарихын біліп алдым.
Сол кісінің айтуынша, көлікте ілініп тұрған тәспінің тарихы 2004 жылдан бастау алды. Жұбайы Түркістан қаласына экскурсияға барғанда, арнайы сый ретінде алып келген. 2005 жылы алғашқы көлігіне қол жеткізген сәтте, тәспіні алғаш рет іліпті. Одан бері 5 көлік ауыстырғанын айтты. Ал көк түсті тастардан жасалған тәспі, бүгінгі күнге дейін күнделікті жанында. Ол детальді арнайы жақсы ниетпен, ырымдап ілмей ғана, бос уақытында немесе кептелісте тұрып калған жағдайда тәспіні қолына алып, Алланы зікір ететінін айтты. Тәспі еш уақытта жай ілініп тұрмау керек дейді. Осы оқиға арқылы, қойған сұрағыма жауап ала алдым десе де болады. Сонымен қатар әр нәрсенің озіндік тарихы мен маңыздылығы бар екенін түсіндім.
“KrisDid” атты блог WordPress сайтында алғаш рет 2019 жылдың қыркүйек айында, арнайы «Жаңа медиаға кіріспе» пәні үшін ашылды. Неліктен блог “KrisDid” деп аталады? Блогтың атауы екі мағынаны береді. Біріншісі менің аты-жөнім болса (Кристина Диденко), екеншісі «Кристина Дейді» деген мағынаны білдіреді. Яғни, осы блогтағы жазбалардың авторы озім екені айқын көрініп тұр. Бастапқыда блогтың тақырыбы мәнерлеп сырғанау спорт түріне бағытталған болатын. Демек, жазбалардың көбісі осы тақырыпта жазылған. Жазбалар белгілі айдарларға бөлінетін (үй жұмысы, жоба және өзіміздің тақырыбымызға байланысты айдарлар). Ең алғашқы жазба «Жаңа медиа және Дәстүрлі медиа» тақырыбында жазылған. Өзімнің блогым мәнерлеп сырғанау спорт түріне қатысты болғандықтан, жазбалардың көбісі мынадай тақырыпта болды: «Медеу мұз айдыны», «Балаларға арналған мәнерлеп сырғанау», «Мәнерлеп сырғанау туралы қызықты фактілер» тағы басқа. Сонымен қатар бұл тақырыптан бөлек, басқа да тақырыптар жарияланып тұрды. Мәселен: жеке утопия жайлы. Бұл тақырып еркін форматта жазылған болатын. Бұдан басқа, журналист ретінде кейс жазып, репортаж дайындап, журналистік бақылау жүргізіп, осы блогқа жазбалар қалдырып үлгердім.
WordPress сайтында соңғы жазбам 2019 жылдың мамыр айында шыққан. Сол кезден бері жаңа жазбалар шыққан жоқ. Алайда, блогымның ішінде өзгерістер болғалы жатыр. Жақын арада блогтың тақырыбы өзгереді. Жазбалар түрлі және еркін форматта жазылатын болады.
Блогтан қандай пайда аламын? Біріншіден, блогта күнделікті жазбаларды жариялау журналистің сауатына жақсы жағынан әсер етеді деп ойлаймын. Жазба жазып жатқан кезде, тақырыптың басты мәселесін оқырмандарға жеткізіп ғана қоймай, озім де тереңірек түсініп аламын. Күнделікті жазба жазу-жақсы әдет деп есептеймін. Бұл тұрақтылықтың белгісі. Екіншіден, журналист үшін жақсы дағды-ол жазу деп ойлаймын. Осы сайтты пайдалануды бастаған сәттен, өзіме қандай тақырыптар жақын екенін түсіндім. Алдағы уақытта жаңалықты немесе ақпаратты оқырмандарға дұрыс жеткізе аламын деген үміттемін.
Бір апта бұрыңғы тақырыптарда «дайджет» тақырыбын өтіп, тапсырмалар істеген болатынбыз. Бүгінгі блог дайджет стилінде жазылатын болады. Демек, жеті түрлі жаңалықты жариялаймын. Әлемде бір апта бұрын қандай жаңалықтар орын алғанын қысқаша көрсетіп өтемін.
1930-жылдардан бері Испания қоғамы оңшыл және солшыл қанатқа бөлінген. Оның өзінде оңшылдар санатында Испанияның халықтық партиясы, «Азаматтар» және VOX ұлттық партиясы бар. Ал көп дауысқа ие болған Социалистік партиядан бөлек, солшылдар қатарында Каталонияның республикалық партиясы, Подемос және VOX партиялары бар. Парламент сайлауына түскен 13 партияның салмағын сандармен сараптайтын болсақ: Социалистік-жұмысшы партиясы 123 мандатқа ие болып, өзгелерден озып шықты. Ал 66 мандатқа қол жеткізген халықтық партиясы екінші орында. «Азаматтар» партиясы 57 депутаттық орынмен алғашқы үздікті түйіндейді. Парламенттегі 42 орынды Подемос иеленді.https://www.youtube.com/watch?v=ipFI8jOAQkE&feature=youtu.be
Грузия білім беру саласын реформалауда
рузия биылдан бастап білім беру саласын реформалап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ресми Тбилисидің мақсаты ағарту саласын оңтайландырып, Еуропа жүйесімен үйлестірмек. «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы». Осындай қағида ұстанған Грузия үкіметі елді дамыту стратегиясында ғылым мен білімге басымдық беріп отыр. Елде ағарту жүйесінің реформасы қолға алына бастады Мамука Бахтадзе, Грузия премьер-министрі:https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/311941-gruziya-bilim-beru-salasyn-reformalauda
Қазақстан мен Бельгияның инвестициялық ынтымақтастығы
7 миллиард доллардан артық. Бұл – соңғы 10 жылда Бельгияның Қазақстанға салған инвестициясының жалпы көлемі. Қос мемлекет келешекте бұл көрсеткішті бірнеше есеге ұлғайтпақ ниетте. Екі ел инвестициялық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтермек. Қазірдің өзінде Корольдіктің 70-тен аса компаниясы ел экономикасына қаржы құйып отыр. Қазақстанда жұмыс істейтін бельгиялық кәсіпорындар баламалы энергия, логистикалық қызмет көрсету, медициналық құрал-жабдықты бағдарламамен қамтамасыз ету салаларында қызмет етеді. Деп мәлімдейді:https://kazakh-tv.kz/kz/view/business/page_202648_kazakstan-men-belgiyanyn-investitsiyalyk-yntymaktastyh
Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумының ашылуында сөз сөйледі. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ел төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен барды. Елбасы өз сөзінде Қазақстанның әуел бастан аталмыш жаһандық жобаға қолдау көрсетіп келгендігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама аясында сауда көлемі артып, 5 триллион доллардан асты. Соңғы он жылда Қазақстан инфрақұрылым мен көлік логистикасына 30 миллиард долларға жуық қаржы құйған. Бұл қысқа мерзім ішінде елімізде заманауи және бәсекеге қабілетті хаб құруға зор мүмкіндік берді. https://kazakh-tv.kz/kz/view/politics/page_202638_n-nazarbaev-bir-beldeu-bir-zhol-forumyna-katysty
ПОЛИЦИЯ МИТИНГІГЕ КЕЛГЕНДЕРДІ ҚАЛАЙ ҰСТАДЫ ?
Алматыдағы наразылық шарасында халық билікке қандай талап қойды? Арнайы жасақ пен полиция қалай әрекет етті?
1 мамыр – Бірлік күні Алматының орталық мәдени және демалыс саябағына жүздеген адам келді. Полиция мен арнайы жасақ та көп жиналды. Мереке басы концертпен басталған. Кейін концерт аяқталған соң қолына «караоке-микрофон» ұстаған адам ортаға шығып, «елде болып жатқан жағдайлармен келіспейміз» деп айқайлап, өз талаптарын айта бастады. Бұл маңға басқа адамдар да жиналды. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-arrest/29914937.html
Түркияның Ардахан қаласының маңында қыпшақтардан қалған көне қамал ба?
Түркияға қарасты Ардахан қаласының маңында қыпшақтардан қалған көне қамал бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Шамамен ХІ ғасырда тұрғызылған бұл нысанда қыпшақтарға тән көне жәдігерлер жетерлік. Сондықтан бұл қамал бабаларымыздың мекен тұрағы болған деп айтуға толық негіз бар. Түркияның шығысындағы Ван қаласы. Тарихы терең шаһар Ван көлінің жағасында орналасқан. Бұл аймақ ерте заманда дешті-қыпшақ даласынан келген бабаларымыздың құтты мекені болған. Ал көл ортасындағы мына арал «Ақтамар» деп аталады. 915-921 жылдары мұнда бой көтерген шіркеудің де атауы – Ақтамар. Бүгінде осы топонимге байланысты тарихшылар арасында түрлі пікір қалыптасқан. Бірі оны армиян халқының аңыздарымен байланыстырса, енді бірі қыпшақтан шыққан Ақтемір есімді жігіттің атымен ұштастырады. https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/312713-t-rkiyany-ardakhan-alasyny-ma-ynda-ypsha-tardan-al-an-k-ne-amal-bar
11 сәуір күні SDU-да халықаралық INFOMATRIX ASIA 2019 байқауы басталды. Оған әлемнің оннан астам елінен жиналған 450 жас өнертпапқыш компьютерлік жобаларын ұсынды. Мектеп оқушылары робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика басқару жүйесі, қысқаметражды фильм, дрон жарысы және математикалық жобаларды жеті номинация бойынша жарысты бастады.
INFOMATRIX ASIA 2019 байқауының өнертапқыштарының бірі Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-ші және 11-ші сынып оқушылары Өмірзақ Ернар және Смайыл Естай. Топтарының атауы-«Crate Opportunity». Мектеп оқушылары сөйлеу қабілеті нашар дамыған адамдарға арналған құрылғы ойлап тапқан. Жобаларының басты мақсаты-қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі тұтығып сөйлейтін адамдардың айта алмайтын сөздерін арнайы аппараттың көмегімен олардың өмірін жеңілдету.
INFORMATRIX ASIA байқауының қатысушылары Өмірзақ Ернар, Смайыл Естай
Ұсынып отырған жобаларының басты міндеттері: Сапалы аппарат құрастырып шығару (ақаусыз жұмыс істейтін ). Жобаны адамдарға көрсету және оларды қызықтыру. Жобаны монетизациялау. Бүкіл әлемдегі көптеген неврологиялық науқастарға көмектесіп, оңай қарым-қатынас жасай алуға және отбасы мүшелерінің бірі болуға көмектесу.
«Crate Opportunity» тобының ұсынып отырған жобасы
Бұл құрылғы микро-компьютер «Raspbery pi 3 b+», динамик, микрофон, аккумулятор сынды бөлшектерден құралады. Мектеп оқушылары өздерінің жобасына құрылғыдағы әр бөлшектің және құрылғының жалпы сомасын көрсеткен. Микро-компьютер «Raspbery pi 3 b+» 30,000 т, динамик 4,000т, микрофон 3,000т, аккумулятор 2,500 теңгені құрайды. Ал құрылғының жалпы соммасы 39,500 теңге.
«Crate Opportunity» тобының ұсынып отырған жобасы
Бұл құрылғыны ойлап табуға себепші болған, Ернар мен Естайдың мектептегі тұтығып сойлейтін достары. Оқұшылардың ойынша, сөйлеу қабілеті нашар адамдар басқа адамдардың арасында өздерін емін-еркін ұстай алмайды.
Бұл құрылғы қалай жұмыс істейді? Құрылғы екі функциямен жұмыс жасайды. Бірінші функциясында, «Raspbery pi 3 b+» аппаратына керекті айта алмайтын сөздердің тізімін жазып, сол кұрылғыға тіркейді. Сонымен қатар белгілі ғимарат ішіне кірген кезде, сөйлеуге бір кедергі туып жатса, осы аппарат көмекке келеді, Ал екінші функциясында, дайын тізімге жүгініп, керекті сөздермен жаттықса, сөйлеу қабілеті жақсарады. Сондай-ақ бұл қоғам алдына көп шығатын адамдарға, немесе сахнаға жиі шығып тұратын адамдардың дикциясына өзіндік көмегін тигізеді.
Микро-компьютер «Raspbery pi 3 b+» бөлшегі
Оқушылардың айтуы бойынша, бұндай кұрылғы ғаламтор ішінде болсын, әлемде болсын әлі күнге дейін жоқ.
INFOMATRIX ASIA байқауының қатысушылары Өмірзақ Ернар, Смайыл Естай
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары осы жоба цифрландыру бойынша Қазақстанның дамушы 30 елдер қатарына кіруіне мүмкіндік береді деген үмітте.
Ең ауқымды мұз сарайларының бірі Белоруссия елінде екен. Белоруссия журналистері елдеріндегі үздік топ-10 мұз сарайларын анықтаған болатын. Келесі блогтарында әлемнің үздік 25 мұз сарайларын анықтаған. Сол блогқа сүйене отырып, өзімнің блогымда үздік топ-10 сарайлар жайлы айтып кететін боламын.
Белоруссия елінде хоккей спорт түрі жақсы дамыған. Сол себептен, ауқымды мұз сарайларының бірі дәл сол жерде.
Канада, АҚШ, Швейцария, Германия, Швеция және Финляндия – осы елдерде хоккей Белоруссияда сияқты танымал, ал оған арналған алаңдар – 20 000 көрерменге арналған үлкен ареналар және «қадамдық қолжетімділік» шағын мұз айдындары барлық жерде кездеседі.
Асимметриялық ғимарат (2005, OCTANT Architecture) екі мұз айдыны бар, олардың ең үлкені 1200 көрерменге сыйғызады, Эльзас айсберг тереңдігіне ұқсайды.
1-ші OCTANT Architecture мұз айдыны2-ші OCTANT Architecture
Өте танымал мұз сарайы. 2005 жылы ашылған Мангеймдегі SAP Arena (ГФР).
SAP Arena
TD Arena (1995) американдық Бостонда, Boston Bruins хоккей командасының үй стадионы.
Garden Arena
Ірі мұз сарайы Көпфункционалды сауда-ойын-сауық орталығына ұқсайды. Әсіресе, мұндай құрылыстар қазір Солтүстік Америкада салынуда. Amway Center Орландо, Флорида штаты (2010).
Amway Center Arena
Олардың көпшілігінің авторы спорттық сәулетке маманданған Populous компаниясы. Питтсбургте Consol Energy Center (2010)
Consol Energy Center
1999 жылы ашылған Денвердегі Pepsi Center (Колорадо штаты).
Pepsi Center
Тізімімізді ТМД-ның екінші Мұз сарайы (алғаш рет «Минск – аренадан» кейін) және Шығыс «Большой брат» астанасының бас хоккей стадионы-Мәскеудегі Ходын алаңында «Мегаспорт» спорт сарайы ұсынады. 14 000 көрерменге арналған ғимарат Мәскеу сәулетшісі Андрей Боковтың жобасы бойынша 2007 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу үшін 2005 жылдың қараша – желтоқсан айларында қысқа мерзімде салынды.
Мәскеу қаласындщағы арена
Дэвид Ингаллс атындағы Мұз сарайы, әлемдік сәулет классигі, көрнекті фин сәулетшісі Ээро Саариненнің жұмысы. 1958 жылы Йель университетінің мұз айдыны ретінде салынған және сол уақыттан бастап «Йель китом» деп аталатын ғимарат аса көрнекті инженерлік ғимарат болып табылады. Ұзындығы 90 метр темір бетонды арка кабель желісінің көмегімен ағаш шатырды қолдайды. Ол архитектураның барлық оқулықтарына енген, қайталанбас арнаның сыртқы келбетін жасайды.
Дэвид Ингаллс атындағы Мұз сарайы
Сол қатардың тағы бір нысаны-Лос-Анджелестегі Staples Center. 21 000 адамға дейінгі сыйымдылығы бар үлкен кешен-бір-біріне бұрышпен орнатылған бірнеше дисктан тұрады. Аренаны NBBJ ірі сәулет конгломератының жобасы бойынша 1999 жылдың қазан айына бір жарым жыл ішінде салынған болатын.
Staples Center.
«Ұшатын тарелканың» бейнесін сәулетшілер Маска Гинтовт және Красиньскидің маскасымен Польшаның Катовице қаласында көпфункционалды Арена жобалауда пайдаланды. 1971 жылы пайдалануға берілген ғимарат Spodek («табақша») деп аталады және 1960-шы жылдардағы футуристік сәулеттің тамаша үлгісі болып табылады.
Суық қысқы күндері жоғары дене белсенділігіне қол жеткізу және суық тиюден аулақ болу оңай емес, өйткені қозғалу жетіспеушілігі ағзаның барлық органдары мен жүйелерінің қызметін төмендетеді. Осы мәселелерді шешу үшін ең жақсы құралдардың бірі, сондай– ақ ресейліктердің ең сүйікті қысқы ойын-сауық орындарының бірі-Конькимен сырғанау. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін спорт түрі. Конькимен сырғанау жеңілдікті, ептілікті және қозғалыстарды үйлестіруді дамытады, хореография, би, музыка элементтерімен ашық ауада көп қырлы қозғалыс белсенділігін ұштастырады. Конькимен сырғанауға денсаулық жағдайы бойынша шектеулері жоқ барлық тілек білдірушілер жіберіледі.
Сырғанау тамаша отбасылық дәстүрге айналуы мүмкін. Отбасының барлық мүшелері кішкентай балалардан бастап, әжелер мен аталарды аяқтай отырып, өзінің бос уақытын мұз айдынында өткізе алады. Конькимен сырғанауды кез келген жаста үйренуге болады. Мысалы, атақты математик Софья Ковалевская ересек адам бола тұрып, мұзға алғаш рет шыққан болатын және бұл сабақ оны сонша қызықтырды, бірнеше жылдан кейін ол нағыз сырғанау шебері болып саналды. Тіпті атақты жазушылар мен ақындар осы спорт түрінің сұлулығын шын мәнінде бағалады. Және мұнда бірінші неміс ақыны Вольфганг Гете болды. Өзінің әңгімелері кезінде Вольфганг Гете заманауи поэзияның қадір-қасиетін ғана емес, мәнерлеп сырғанаудың байлығын да талқылады,ал Вальтер Скотт бұл ойын-сауықтың түрін жақсы көрді, бұл әуесқойлар арасындағы байқауды өткізудің бастамашысының бірі болды.
Мұндай белсенді демалыс келесі негізгі артықшылықтарды көрсетеді:
Конькимен сырғанау бұлшықеттерді тамаша созады және жаттықтырады.
Дененің жалпы икемділігі бірнеше есе өседі.
Калорияны жағу есебінен дене пропорциялары өзгереді.
Ағзаның респираторлық инфекциялардың әсеріне қарсылық білдіруі артады.
Қозғалыс үйлесімі жақсарады.
Шыдамды болуға көмектеседі және жүрек ұстамаларының қаупін азайтады.
Конькимен сырғанайтын балалар сирек ауырады. Мәнерлеп сырғанау тарихы әлемдік және Олимпиада титулдарына қол жеткізген көрнекті спорт түрі. Спортпен шұғылдану тәртіптілікті, жауапкершілікті, мақсатқа ұмтылушылықты үйретеді және ерік күшін жаттықтырады.
Әр адам айнаға қарағанды жақсы көретін шығар. Әсіресе қыздар және әйел адамдар. Көбінесе үйден шығып бара жатқан кезде және жұмысына, немесе оқуына келген кезде айнаға көп қарайды. Менің блогым айна тақырыбына қатысты болады. Университет ішіндегі кез келген жерді 30 минут бақылау керек болды. Яғни, жаңа медиаға кіріспе сабағынан сондай тапсырма берілген болатын. Көп ойланбай, бірден SDU университетінің кіреберіс жерінде айна тұрған аумақты таңдадым. Мен жүргізген бақылау 7 наурыз күні, сағат 9:15 басталды. Бұл күн -қыздар үшін ерекше күн. Себебі, алда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні келе жатты. Сол аумақта 30 минут тұрып таңғы SDU атмосферасын бақылап тұрдым. Университетке кіре салысымен, студенттер әдетте сыртқы киімдерін ілу үшін гардеробқа кіреді. Содаң соң айнаға қарауға барады (айна гардеробтың жанында).
Айнаға апарар жол. Сағат таңғы 9:15
Бұл сурет таңғы сағат 9:15-те түсірілген болатын. Бұл үақытта көбісінде сабақ өтіп жатты. Сол себептен адам саны өте аз. Суреттегі аумақта адам байқалмайды. Бұл аумақта бірден көзге түсетіні- орындықтар, гүлдер, бағандар (колонны), және пальма ағаштары.
SDU айнасы
Бұл аумақты түрлі ракурстан түсіруге тырыстым. Суреттің оң жағында қыздардың құрметіне шармен безендірілген жер көрініп тұр. Ол айнада анық көрініп тұр. Суреттің сол жағында, студенттерге арналған шағын Sduken дүкені тұр. Онда студенттерге арналған керекті/керексіз ұсақ-түйектер сатылады. Бұл дүкеннің тауарын плакаттағы нөмірге хабарласып, сатып алса болады екен. Ішіндегі тауарлар көбінесе сыйға тартылатын тауарлар (сувенир ретінде).
Sduken шағын дүкені
Ішінде кружка, блокнот, термос сиякты тауарлар тұр
Sdukenдегі телефон қуаттағыштары
Әр тауардың бағасы жазылған.
SDU логотипі бар футболка
Сондай ақ бұл шағын дүкен ішінде, арнайы университет логотипі бар киімдер мен телефонға арналған аксессуарлар сатылады.
5 минут өткеннен соң айна жанына адамдар келе бастады. Бақылау барысында алғаш келген қыз.
Университет студенті
Бұл сурет арнайы ойластырылған суретке ұқсайды. Алайда, суреттегі қыз кадрға түсіп қалғанын білмейді.
Айна аумағы
Бұл сурет баспалдақта, үстінгі ракурспен түсірілген.
Университет студенттері
30 минуттық бақылау ішінде, айна алдына шамамен 8 адам келді. Оның бәрі қыздар болып шықты. Бақылау барысында айна алдына бірде-бір жігіт келмеді. Демек, қыздар үшін өздерінің сырт келбеті маңызды екендігі тағы дәлелденді. Бұл суретте жігіт қызға гүл сыйлады. Әрине, оған басты себеп-8 наурыз қарсаңы.
Айна аумағы
Бұл баспалдақ айнаға қарама қарсы орналасқан. Қоңыр бочка тәріздес қоңыр объект-лекциондық зал болып табылады .
Таңғы SDU
Бұл сурет университет ішіндегі айна аумағының жалпы көрінісін сипаттайды.