Posted in Жоба

Кейс (Case). Қазақстанда газеттің редакциясы мен полицейдің арасындағы сот ауырлығы Жоғарғы сотқа дейін жетті

Кейс дегеніміз не? «Кейс» -қандай да бір теорияны көрнекі көрсететін практикадан шыққан жағдай. Практикадан (кейстерден) жағдайларды қарастыру және зерделеу іс жүзінде барлық заманауи академиялық пәндер бойынша оқыту бағдарламасына кіреді. Әсіресе, кейстерді зерттеу медицинада, Юриспруденция және маркетингте маңызды болып табылады.

Учаскелік инспектордың ойынша полиция қызметкері ретінде оның ар-намысы мен қадір-қасиеті редакторлық газет колонкасында қорланған. Оған дәлел осы жазба «Чего боятся такие, как майор Ракишев». Осы жазбадан кейін, полицей Данияр Ракишев редакцияны сотқа берді. Еслямова хабарлағандай, 2016 жылдың 21 мамырында полиция журналистерді тұтқындағаннан кейін, жер кодексіне түзетулер енгізуге қарсы жаппай сөз сөйлеуге байланысты Ракишев одан кешірім сұрады. Алайда, полицей оны жоққа шығарып отыр.

.

29 тамыз күні Жоғарғы Сот Орал қалалық соты мен Батыс Қазақстан облысы сотының шешімін бұзды. Соған орай 2016 жылдың қазан айында жергілікті учаскелік полиция қызметкері Данияр Ракишевтің «Уральская неделя» (УН) газетінде талап арызы қанағаттандырылды. Бұл туралы «УН»қоғамдық-саяси апталық құрылтайшысы және бас редакторы Тамара Еслямова хабарлады.Газет өңірде шенеуніктерге арналған сыни жарияланымдармен танымал және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық фактілеріне сүйенген. Газет полицейлерге үш жарым миллион теңге төлеуге міндетті болды (ЖШС «журналисттік инициативадан»- екі миллион теңге және редактордың өзінен-бір жарым миллион теңге) моральдық шығынның өтемақысы ретінде төлеуге міндетті болды.

Редактордың айтуынша, енді ол өткен жылдан бастап төленген өтемақы бөлігін қайтаруға ниетті.

Жаңалықтың шыққан күні: 31 тамыз, 2017 жыл

Ақпарат көзі: Служба Новостей Центральной Азии

Сілтеме:https://www.centralasian.org/a/28706480.html

Posted in Мәнерлеп сырғанау

Мәнерлеп сырғанау туралы қызықты фактілер

Фигуристерде қысқа юбка 19 ғасырда пайда болды. Сол кезде ағылшын ханшайымы Мэри сәнге сырғанауға арналған жаңа костюм енгізді.

Ең көне конькилер Голландияда емес, Одесса маңында Оңтүстік Буга жағасында табылды. Қола дәуірінің кезеңімен белгіленген Коньки жылқы сүйегінен жасалған.
«Коньки» атауы пайда болды, себебі қазіргі жүздің прототипінің алдыңғы бөлігі әдетте ат басымен әшекейленген.
Барлық міндетті фигуралар Ұлыбританияда құрылды. Бұл жерде конькишілердің алғашқы клубтары (Эдинбург, 18 ғасырдың ортасы) пайда болды. Бұл жерде жарыстың алғашқы ресми ережелері әзірленді.
Патша конькилерді бекітудің жаңа тәсілін ойлап тапты-ұстараны (лезвие) етікке жалғады.

Халықаралық аренада фигуристерінің бірі болып Нина мен Станислав Жук табысқа жетті. 1958-1960 жж.аралығында олар Еуропа біріншіліктерінде тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Мәнерлеп сырғанаудың алғашқы сұлулығын ұлы неміс ақыны Вольфганг Гете бағалады. Ақындармен әңгіме барысында ол мәнерлеп сырғанау элементтерімен қатар өлеңдердің қадір-қасиетін талдады.
Атақты ағылшын жазушысы Вальтер Скотт мәнерлеп сырғанаумен де айналысады. Ол осы спорт түрінің әуесқойлары арасында алғашқы конкурстарды өткізудің бастамашысының бірі болды.
Атақты математик Софья Ковалевская Стокгольм корольдік университетінің профессоры, ересек әйел бола отырып, мәнерлеп сырғанауға алғаш рет тұрды. Швед профессоры Лефлер оның сырғанау техникасына үйретуге кірісті және күн сайын Ковалевскаямен мұз айдынына барып тұрды. Бірнеше жыл ішінде математик үлкен прогреске жетті және Стокгольм мұз айдынына келушілер арасында кәсіпқой сырғанаушы болып саналды.

Сальхов секіруі атақты швед фигурист, он дүркін әлем чемпионы Ульрих Сальховтың атымен аталды.

1772 жылы артиллерияның ағылшын лейтенанты Роберт Джоунз «конькимен сырғанау туралы Трактат» шығарды. Бұл жаңа спорт түрінің алғашқы ережелер жинағы болды.

Францияда ең таңдаулы фигурист болып саналған Мария-Антуанетта патшайымы, ол көптеген ер адамдарға қарағанда жақсы сырғанаған болатын.

Қызықты мәліметтің орысша нұсқасын осы сайттан оқуға болады. https://all-interesting.fandom.com/ru/wiki/%D0%A4%D0%B8%D0%B3%D1%83%D1%80%D0%BD%D0%BE%D0%B5_%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5:_%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%84%D0%B0%D0%BA%D1%82%D1%8B 

Posted in Үй жұмысы

Суреттің маңыздылығы

Өмірімізде болған сәттің бәрі тариx болып қалады. Ал тариx пен сурет бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі, сурет адамның өткен әрбір сәтін тариxқа айналдырады. Сол сәт пен тариx естелікке айналады. Суретті кейбір адамдар естелік және бағалы нәрсе ретінде сақтайды. Ал кейбіреулер суретті xобби ретінде естелікке айналдырады. Ондай адамдар айналадағы сұлулықты барынша сурет арқылы жеткізуге тырысады. Қазіргі таңда әр үйде фото альбом бар. Сол фото альбомдағы суреттерге қарап, адамның жас кезіндегі бейнесін көруге болады. Сонымен қатар әр суреттің озіндік тариxы болады. Осы тақырыпқа орай университет қабырғасында, студенттердің арасында суреттің маңыздылығы жайлы шағын сауалнама мен сұxбат жүргізген болатынмын. «Сіз үшін суреттер қаншалықты маңызды? Бірге алып жүретін суретіңіз бар ма?» Университет студенттеріне осындай сұрақтар қойылған болатын. Әрине, қазіргі заманда көбісі суреттерді ұялы телефонның ішінде сақтайды. Алайда, жүрегінде ерекше сәттер орын алатын естелікті бірге алып жүретін студенттер кездесті. Студенттердің жауабы:

  • 1) Жасұлан. TFL факультетінің 2-ші курс студенті, 20 жаста.
  • – Қазіргі таңда кез келген адамда ұялы телефон бар. Фото-суреттерді ұялы телефон ішіндегі медиада сақтайды. Менде де естеліктер өте көп. Бірақ менімен бірге ылғи бір сурет жүреді. Себебі, ол суреттің мен үшін маңызы зор. Мен колледж оқып жүрген кезімде би үйірмесіне қатысқанмын. Кейінірек үлкен жарыстарға бара бастадым. Жарыстардың бірінде, өзіме жаңа достар таптым. Олармен әлі күнге дейін араласып тұрамын. Жарыстың арқасында осы достарымды кездестірдім.Жасұлан және оның жарыста кездестірген достары.
  • 2) Асқаров Елдос. Инженер факультетінің 1-ші курс студенті, 17 жаста.
  • – Мен көбінесе суреттерге жалғыз өзім түспеймін. Барлық суреттерім отбасым мен достарымның жанында түсірілген сүреттер. Осы университетке түскен кезде, керемет достарды кездестірдім. Алғаш рет бірігіп, Медеуге барған болатынбыз. Ол сүрет біздің алғаш танысқанымызды есіме салып тұрады. Суреттегі достарымның есімі Абылбек, Темірлан, Бекдана, Айдана, АйымжанЕлдос және оның достары.

Сұрағыма тағы екі студент жауап берген болатын. Алайда, суретке түсіріп алуымды қаламады. Жан есімді студент әмиянының ішінде өзінің суретін, әмияны жоғалған жағдайда, тез тауып алу мақсатында сақтайды екен.

Демек сурет естелік үшін емес, кей бір жағдайларда көмек ретінде пайдалынады.

Posted in Uncategorized

Балаларға арналған мәнерлеп сырғанау

Мәнерлеп сырғанау – өте әдемі көріністердің бірі. Алайда, ол сырт көзге ғана әдемі болып көрінеді. Бұл спорт түрі ең қиын спорт түріне жатады. Атақты спортшылар әдетте бала кезінен қатысып жатады. Себебі, балалар кез келген нәрсеге тез бейімделеді. Әрине, кез келген адам белгілі бір жетістікке үлкен ынтаның арқасында жетеді. Ең бастысы ынта мен мақсат болуы қажет. Бұл спорт түрі денсаулыққа өзіндік пайдасын тигізіп жатады. Сол себептен кей бір ата-аналар өзінің балаларын дәл осы спорт секциясына беріп жатады.

Бұл спорт түрін 3-4 жастан бастаса болады. Баланың кәсіпқой және табысты мәнерлеп сырғанаушы болуы мүмкін. Алайда, бойынан төменде жазылған қасиеттер байқалу керек:
  • Белсенді әрі мұқият болу керек.
  • Балада ритм сезімі болуы керек.
  • Баланың мәнерлеп сырғанауға қызығушылығы болу керек.
  • Бала жиі тымау ауруына шалдықпау керек.
  • Суықтан қорыкпауы керек. Сонымен қатар қыс мезгілінде озін жақсы сезінуі керек.

Бұл спорт түрі баланың бойында салмақты мінезді және жауапкершілікті тудырады. Мәнерлеп сырғанау, әсіресе қыз балаларға пайдалы. Себебі, болашақта қыздың дене бітімі әлдеқайда нәзік болады. Балаларға арналған мәнерлеп сырғанау, бұлдіршіндер үшін алып келер пайдасы өте зор. Өйткені бұл спорт денсаулықты жақсартады. Еске сала кетсем, Элизабет Тұрсынбаеваны (белгілі мәнерлеп сырғанаушы) ата-анасы мәнерлеп сырғанау спорт секциясына, Элизабеттің денсаулығына байланысты берген болатын. Бұл спорт түрімен үзбей жаттығып тұрса, тыныс алу, жүйке және жүрек-қан тамырларының жұмысын қалыпқа келтіреді.

Posted in Uncategorized

Жаңа есім-жаңа бастамалар

Жақында мәнерлеп сырғанау спорт түріндегі төрт құрлық чемпионатында, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Турсынбаева екінші орын иегері атанды.

Қысқаша программада Қазақстандық спортшы Жапондық Рика Кихира қарсыласынан кейін алтыншы орын алатын. Дайындық барысында Элизабет «төрттік сальхов» атты секіруді тамаша көрсеткен болатын. Бұл секіру түрін Элизабеттің орындауына қосқан болатын. Алайда, жарыс барысында спортшы төрттік сальховты орындап жатқан кезде, құлап қалады. Сол себептен Қазақстан спортшысына екінші орын берілген. Бірінші орынды Жапондық спортшы Рика Кихира, ал үшінші орынды Риканың отандасы Мая Михара иеленді. Мәнерлеп сырғанау төрт құрлық чемпионатында- жарыс Америка, Азия, Африка және Австралияның үздік спортшыларының арасында өтті. Осыдан бір жыл бұрын Элизабет Турсынбаева осы турнирден он екінші орын иегері атанған болатын. Ал 2015 жылы Сеул қаласында өткен дәл осы чемпионатта Денис Тен бірінші орын иегері атанған.

Элизабет 2000 жылы 14 ақпан күні Ресей Федерациясында, Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ата-анасының айтуы бойынша, Элизабеттің иммунитеті өте әлсіз болған. Сол себепті, Мәскеу қаласында мәнерлеп сырғанау секциясына берген болатын. Сонымен қатар Элизабеттің ағасы Тимур да мәнерлеп сырғанау спортшысы. Элизабеттің Әкесі Байтақ балаларын Қазақстандық турнирлерге жие алып келетін. Лиза алғаш рет 2013 жылы юниорлар арасында алтын алқаға қол жеткізген болатын. Сол жеңістен кейін Қазақстандық спортшыны Мәскеу және Ресей құрамасына қосқан болатын. Спортшының отбасы, Элизабет Қазақстанның және Қызылорда облысының атынан өнерін көрсететін болады деп шешті. Қызылорда облысының әкімі Лизаның өнерін өз қамқорлығына алды. Ал 2014 жылы демеушілік істі «Қазгермұнай» мұнай компаниясы қолға алды. Сол сәттен бері 2014 жылы Элизабет Турсынбаева Қазақстанның үлкендер арасында, желтоқсан айында үш дүркін чемпионы атанды (2014, 2015, 2016) .

Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, Элизабет музыкамен айналысады екен. Әдемі тембр дауысына ие. Чемпионаттағы сәт https://youtu.be/eudcSTCXv8M     

Posted in Uncategorized

“Almaty arena” спорт кешені

2014 жылдың 27 наурызында Аxметжан Есімов 12 000 көрерменді қамти алатын үлкен жаңа арена салынатыны жайлы xалыққа айтқан болатын. Аренаның салынуына 170 мың доллар бөлінген. Улкен аренамен қатар шағын 3000 көрерменге арналған арена салынды. Ал 2016 жылдың 18 қыркүйегінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің қатысуымен алғаш ашылу салтанаты өтті. Кешенде жүзу, күрес, бокс басқа да спорт түрерінен секциялар ашылған

Алматы арена қысқы 2017 жылғы өткен универсиада өткізілу мақсатында құралған болатын. Бұл нысан xоккей, бокс,шағын футбол, мәнерлеп сырғанау т.б. спорт түрлерін қамтиды.

Сонымен қатар кешен ішінде концерт сынды іс-шаралар өтіп тұрады.

Мәнерлеп сырғанау спорт түрі де бар. Негізінде мәнерлеп сырғанауды көбісі өнер ретінде бағалайды. Себебі, бұл спорт Түрі ең әдемі болып табылады.

Posted in Uncategorized

Шымбұлақ Шаңғы базасы

Бұл блог үәде еткендей Шымбұлақ жайлы болады. Жалпы менің блогымның атауы «Мұз айдыны». Алдыңғы блог Медеу мұз айдыны мен мәнерлеп сырғанауға қатысты болған.

Алматының әдемілігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін жазда да, қыста да ерекше әсер береді. Шымбұлақ жайлы айтатын болсақ, Шымбұлақ Шаңғы Базасы  Алматыдан 25 км жерде, Кіші Алматы шатқалының көркем жерлерінің бірінде, теңіз бетінен 2270 м биіктікке орналасқан спорттық тынығу кешені. 1954 жылы ашылды. 1956 жылдан таушаңғысынан республикалық чемпионаттар өткізіліп тұрады. Елімізде тау шаңғысының дамуынаүлкен үлес қосқан осы базада ұзындығы 3100 м 2 аспалы жол спортшыларды 3200 м биіктікке алып шығады. Аспалы жолдардың астындағы 3 мың м-ге созылған, жоғарғы және төменгі нүктелерінің биіктігі 800 м. Шаңғымен шапшаң түсу жолдарының параметрлері халықаралық талаптарға сай. Спортшыларға арналған бір мезгілде 150 адам демалатын тұрғын үйлері, асхана, т.б. бар. Шымбұлақ шаңғы базасында спортшылар жылына 7-8 ай жаттығады. https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D0%BC%D0%B1%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D2%9B_%D0%A8%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B_%D0%91%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%81%D1%8B сайты мәлемдейді.

Бұл мәліметті Шымбұлақ Тау Шаңғы курорты қашан және қайда орналасқаны жайлы түсінікті болу үшін қалдырдым.

Шымбұлақтың шығу тариxы «шаңғы тебу»спорт түрімен тікелей байланысты. Себебі, шаңғының шығуымен, қысқы туризм түрінде де өзгерістер болды. Алғаш рет бұл спорт түрі ХХ-ғасырдың ортасында Англияда пайда болды. Кейіннен Асвсталияда да дамый бастады. Алайда, кей бір жерлерде тау туризмның арқасында, нақтырақ айтқанда альпенистердің арқасында шаңғы тебу дамыған дейді. Оның басты себептерінің бірі, альпенистер тауға шыққан кезде шаңғыны бірге алып алатын болған. Демек, таудан шаңғымен сырғанайтын. Алғаш рет ХХ-ғасырдың басында Финдляндия альпенистері таудан шаңғымен түскен болатын.

1937 жылы Алматыға үш қашқын -босқындар келген болатын. Сол қашқынның біреүі шаңғы жаттықтырушысы болған, ал екеуі кәсіби шаңғы тебүші болған. Кейіннен жергілікті жастарға шаңғы тебүді үйрете бастаған. Осылайша Алматыда «Шымбұлақ Шаңғы базасы» пайда болған.

Posted in Uncategorized

Әлеуметтік желідегі тұлға

21 ғасыр техника заманы. Қазіргі таңда адамдар коммуникацияны әлеуметтік желі арқылы құрай алады. Ғаламторға қазіргі кезде көбісі қол жеткізе алады. Демек, әлеуметтік желіде отыратындардың да саны аз емес. Тіпті, қазіргі заманда жұмысты әлеуметтік желі арқылы жасап, табыс көзін табуға болады. Сонымен қатар белгілі бір адам тұралы әлеуметтік желіден шағын ақпарат алып, оны зерттеуге де болады.

Мен зерттеген тұлғаның есімі Жұмабай Айбике Ермеққызы. Шымкент өңірінде дүниеге келген. Сонымен қатар оқуында сол қалада бітірген. Нақты рақ айтқанда, Шымкент қаласындағы КТЛ (Қазақ – Түрік Лицейі) қазіргі БИЛ (Білім – Инновация Лицейі) білім ордасының түлегі. Қазіргі таңда отбасы сол өңірде тұрады. Айбике лицейді 2018 жылы бітіріп, Сулейман Демирел атындағы университетінің студенті атанған.

1 апта бұрын

Зерттеу барысындағы ақпарат Айбикенің Instagram желісіндегі жеке парақшасынан алынған. https://instagram.com/aibikeyermekkyzy?utm_source=ig_profile_share&igshid=107q70qc7izz   

Бұл Instagram желісіндегі тұтынушының оқырман саны 527 адамға дейін барады екен. Ал, өзі 463 Instagram аккаунтқа тіркелген. Айбике түрлі «Вайнға» толы аккаунтарға тіркелмеген. Ортақ 18 Инстаграм досымыз бар.

Ең алғаш Instagram постты 2016 жылдың 3 қараша күні жариялаған. Instagram желісін алғаш рет 2016 жылы ашуы әбден мүмкін. Алайда, ол нақты дәлел емес.

Айбикенің парақшасында ең алғаш шыққан сурет

Бұл постта «Оқуды ешқашан тоқтатпаңыз, өйткені өмір сабақ беруді ешқашан тоқтатпайды» деп жазылған. Айбикенің парақшасына кіре салысымен кітап оқуды жақсы көретін жан екендігін бірден байқауға болады. «Кітап рухани дүниеңнің қазынасы. Көп оқып, толастап арнасынан асып тұрсаң адамзатқа пайдаң қашан да тиеді» деп посттарының бірінде жазған болатын.Шығармашылықты бағалайтын адамдардың бірі. Айбике әр-бір суреттің астына шағын пост қалдырып тұрады. Көбінесе басынан өткен оқиғалар мен кей бір нәрселерден алған әсерлерімен бөлісіп тұрады. Қазіргі таңда журналистика факультетінде оқып жатыр. Болашақ мамандығы жайлы көп ойланған секілді. «Адамдармен араласып, олардан уйренер дүнием көп болды» деп посттарының бірінде жазыпты. Айбикенің үлгі тұтар тұлғасы Динара Болатбекқызы.

17 маусым 2018 жыл

2016-2017 жж. Айбике Ермекқызы Лицей президенті болған. Ол сәтті 6 сынып оқып жүрген кезінен бастап армандаған. «Шынымен армандасаң және сол арманға сенсең, ол болары хақ» дейді Айбике.

Зерттеу барысында Айбике драма үйірмесіне 4 жыл бойы қатысқаны жайлы білдім. Ең алғаш рет Айбике 7 сынып оқып жүрген кезінде Д. Исабековтың «Әпке» атты пьесасында туған әпкесі сахнада шебер ойнағанын көріп, «мен де осы сахнада ойнасам» деген арман туыпты. Ал 8 сынып оқып жүрген кезінде драма үйірмесінің қатарына қосылған. Ең алғаш Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылда жұмыс істеген жас балалардың өмірі жайлы Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдерін» сахналаған екен. Сонда Айбике Қасым баланың рөлін сомдаған еді. Көбінесе шалдың, жас жігіттің, кемпірдің рөлін сомдаған болатын.

Сонымен қатар @aibikeyermekkyzy Telegram каналын да жүргізеді. Онда 68 оқырманы бар. Алғашқы посты 2018 жылдың 3 сәуірінде шыққан болатын. Ол каналда пайдалы және қызықты дүниелер өте көп. Ең бірінші постында Тіл мәселесі жайлы жазған. Telegrem сілтемесі: https://t.me/aibike09

Айбике ВКонтакте әлеуметтік желісінде де бар https://vk.com/azhumabay2000 желіге кірген үақыты 6 ақпан сағат 0:44. Айбике жайлы бұл желіде толық ақпарат жоқ. Алайда, табиғатқа байланысты суреттер жарияланған.

Бұл адамның бойында шығармашылықпен қатар табиғатқа деген сүйіспеншілігі өте мол. Оған басты дәлел, Айбикенің жазылған сөздері:

-Мен леп беріп өткен самал желден, қаншама қарасаң да көз тоймайтын табиғаттың әр бір кереметінен ШАБЫТ аламын. Сол әдеміліктерді қаншама суретке түсірсең де көзбен көріп, самалдың бетіңнен аймалап өткенін сезінгенге не жетсін шіркін?!

Әр адам баласының жүрегінде отбасына деген үлкен махаббат бар. Бұл ерекше махаббат Айбикенің де жүрегінде үлкен орын алатынына күә болдым. Айбике Қазақ-Түрік Лицейінің түлегі екендігі жайлы айтып кеткен болатынмын. Дәл сол лицей қабырғасында сол қыздың кітапқа, шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі оянды деп түсіндім. Әр сәтті бағалауды білетін жандардың бірі.

Posted in Uncategorized

Жеке утопия жайлы

Су перісі (русалка)  шын өмірде бар ма, әлде аңыздарда ғана ма?

Әр адамның ойында бір рет болсын арман мен қиялға байланысты тақырып туады. Жалпы утопия дегеніміз – ойдан шығарылатын, орындалмайтын арман.

Қазіргі таңда ғалымдар барлық саланы зерттеу үстінде. Алайда, су мәселесіне келетін болсақ, әлемде судың 5% ғана зерттелген. Демек, қалған 95% зерттелмеген.

Алғаш су перісін біз аңыздардан естіп, ертегілерден көргенбіз. Алайда, әр нәрсенің түпкі тамыры болады. Су перісінің барына тек жасөспірімдер сенетіні айдан анық. Қазіргі таңда су перісінің барына сену үшін мүмкіндік көп. Себебі, ғаламтор желілерінде дәлел ретінде су перілерінің шынайы суреттерін байқауға болады. Сонымен қатар су перісін алғаш рет балықшылар 1739 жылы көрді деген ақпарат бар. http://grimuar.ru/poltergeist/sushhestvuyut-li-rusalki-dokazatelstva.html#h2_3  .   

Менің ойымша бұл ғажайып ертегі кейіпкерінің барына сенуге болады. Себебі, аңыздардағы кейіпкерлер бекерден бекер пайда болмайды. Су перісінің барына сенбейтіндердің саны сенетіндерге көрі басым рақ. Алайда, барлық табылған заттарға сену мүмкін емес. Жоққа шығаруға да болмайды. Себебі, бұл құбылыс толықтай зерттелмеген.

Posted in Uncategorized

«Медеу» мұз айдыны

Медеу негізінен спорт кешені және жасанды мұз айдыны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласында орналсқан. Алғаш қаланған жылы 1949 – 1951. Медеу қала қонақтары мен туристер үшін Алматы қаласының ең көрікті жерлерінің бірі болып саналды. Себебі, бұл мұз айдыны Кіші Алматы шатқалында, тенің деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Әдемі көрініс екендігі айдан анық. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаев инженер С.Б. Матвеев. Осы архитекторларға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазіргі таңда Медеүдің өзектілігі жоғары деңгейде. Ол спорт кешенінде жарыстар сирек өтеді. Оның себебі, Қазақстанда қысқы спорт түрінің қарқын түрде дамымауы. Алайда, Медеуде атақты спортшылар 120-дан астам әлемдік рекорд орнатқан. Демек, болашақта бұл мұз айдынының жетер жетістіктері аз болмас. Аумағы бойынша ауқымды болғандықтан, осы жерде көптеген ауқымды іс-шаралар өтеді. Мысалға алатын болсақ, бірнеше жыл қатарынан танымал халықаралық «Азия даусы» музыкалық фестивалі өткізілді. Онда қазақстандық орындаушылар ғана емес, бүкіл әлемнің эстрада жұлдыздары да қатысқан болатын.Медеудің де өзіндік тарихы бар. Оны көбісі біле бермейді. Көне заманда ата-бабаларымыз көшпенді болғандықтан, қыста-қыстауда, жазда-жайлауда өз тұрмыстарын жалғастыратын. Тарихқа сүйнер болсақ , «Медеу» бір кісінің атынан қойылған деген мәліметті байқауға болады. Бірақ оның дұрыс немес бұрыс екендігін ешкім білмейді.

Алдағы уақытта келесі блог «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты жайлы жазылатын болады.