Posted in Uncategorized

СДУ журналистика мектебінде оқудың 5 артықшылығы

Әр адам баласы есейе келе өзіне белгілі бір мақсат қойып отырады. Сонымен қатар мектепке ағаш қадам басқан жас жеткіншектің де өзіндік мақсаты болады. Әрине, ол мақсат мектепті сәтті бітіріп, қалаған оқу орнына түсу болып табылады.

Өзіме келетін болсақ, мамандық таңдар кезде, аса қатты қыйындық туған жок. Себебі, болашақ мамандығымды нық сеніммен 5-ші сынып оқып жүрген кезімде көздеп қойған болатынмын. Сулейман Демирел атындағы университетті көрген уақытта, дәл осы университетке түсуді мақсат еттім. Кез келген болашақ мектеп бітірүші түлек сапалы Жоғарғы Оқү Орнын таңдайды. 2018 жылы мен өз арманыма және қойған мақсатыма қол жеткіздім. Яғни, СДУ журналистика мектебіне түстім. Университетті 1996 жылы 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Түркия мемелкетінің Президенті Сулейман Демирел ашты. Бұл ЖОО ең мейрімді және тату университет ретінде танымал. Сонымен қатар бұл университетте ұстаздардың сапалы білім беруі зор. Оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны болып табылады. Университет ішінде 4 факультет бар. Білім алу үшін студенттер үшін барлық жағдай жасалған.

СДУ журналистика мектебінде оқүдың 5 артықшылығына көшсек.

  1. Ең бірінші артықшылығы, журналистика мектебі арнайы медиамен жабдықталған. Журналистика мектебінің студенттері журналистика саласында  өз тәжірибелерін әрі қарай ұштай алады.  
  2. Екінші артықшылығы, бұл мамандықта артық пәндер оқытылмайды. Мысалға физика, математика сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер.Яғни, көбінесе кәсіби пәндер оқытылады
  3. Ұшінші артықшылығы, 2018 жылдан бастап 3-ші курс студенттеріне сабақты арнайы Almaty TV беретін болды. Демек, болашақ журналистер өз жұмысын кәсіби түрде білетін болады. 
  4. Төртінші артықшылығы, студент өзінің шығармашылық туындыларын кез келген кезде дамыта алады. Бастысы мақсат пен құлшыныс.
  5. Бесінші артықшылығы, СДУ журналистика мектебінің болашақ студенттеріне арналған арнайы жобалар өткізіледі. Көптен бері аңсаған мамандығына мектеп түлегі жобаға қатысып, грант иегері атануға мүмкіндігі зор. 

 

Posted in Uncategorized

Өзім жайлы

Менің аты-жөнім Диденко Кристина Константиновна. 2000 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысында, әскери қызметкерлердің отбасында дүниеге келдім. Балалық шағымды Қарағанды облысы, Приозерск қаласында өткіздім. Ол қала кез келген адамды ерекше табиғатымен баурап алады деген ойдамын. 2007 жылы алғаш рет 1-ші сыныпқа «Советская армия» мектебіне бардым. 2014 жылы анамның қызмет бабына байланысты Алматы облысы, Қаскелең қаласына көшіп келдік.

Қазіргі таңда Сулейман Демирел атындағы университетте, журналистика факультетінде білім алып жатырмын. Дәл осы мамандыққа түсуге бала кезімнен армандайтынмын. Ата-анамның айтуы бойынша, шығармашылыққа деген ынтам болатын. 3 жасымда кейде шабыттанып, шағын өлең жолдарын ойлап табатынмын.

Бала кезімнен «мәнерлеп сырғанау» спорт түрін тамашалағанды жақсы көремін. Коньки тебу – менің басты хоббиімнің бірі. Менің шағын блогтарым осы спорт түріне қатысты болады.

Posted in Uncategorized

Мәнерлеп сырғанау спорт түрі жайлы

Мәнерлеп сырғанау – ең әдемі спорттың бірі. Адамдар коньки жайлы көне заманнан бері білген.Алғаш рет екі қабырғасы бар темір конькилерді ер адамдар ойлап тапқан. Мұндай конькилер мұзда еркін сырғанауға мүмкіндік берген. Заманауи мәнерлеп сырғанау түрі теледидардың пайда болуымен бейімделді. Коньки сонау қола дәүірінен бастау алған. Археологтардың айтуы бойынша бірінші табылған коньки түрі ірі жануарлардың сүйегінен жасалған. Бұндай тапқыштар көбінесе Еуропа елдерінен табылатын. Ең көне коньки Одесса қаласында табылған.

Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау белсенді түрде дамымаған. Алайда, бұл спорт түрінде спортшылар бірнеше рет жеңіске жеткен. Қысқы олимпидаларда бірінші жеңіс алғаш рет 2001 жылы болды.Елімізде спортшылардың және жаттықтырушылардың аздығына байланысты, Қазақстан спортшылары АҚШ пен Рессейде жаттығуға мәжбүр. ҚР чемпионат жеңімпаздары: Юрий Литвинов, Иляс Галимханов, Станислав Гусев, Денис Тен, Абзал Ракимгалиев.

Әйелдер арасындағы чемпионат жеңімпаздары: Марина Халтурина, Светлана Бокачева, Наталья Князева, Надежда Порецкая және т.б.

Posted in Үй жұмысы

Жаңа медиа және Дәстүрлі медиа

Жаңа медиа. Жалпы медиа ұғымы Бұқаралық Ақпарат Құралдарымен тығыз байланысты. Алайда, медианы Бұқаралық ақпарат Құралдарымен, телекоммуникациялармен және басқа да ұғымдармен шатастырып алуымыз әбден мүмкін. Демек, медиа ақпарат таратудың бір тәсілі. Әдетте медиа термині жәй ғана медиа деп жазылмайды. Көбінесе жаңа медиа, альтернативті медиа, әлеуметтік медиа, массмедиа деп аталып жатады. Жаңа медиа ХХ ғасырдың соңында интерактивті электронды басылымдар үшін қолданыла бастады. Медиа 80 жылдарға дейін аналогтық медиаға суйенді. Жаңа медиа Дәстүрлі медиаға қарағанда қарқынды даму алды. Оның басты себебі – жаңа технологиялар. 

Дәстурлі медиа. Дәстүрлі медиаға газет – журналдарды жатқыза аламыз. Баспа, радио, теледидар дәстүрлі Бұқаралық Ақпарат Құралдары жүйесі болып табылады. Жаңа технологияларға дейін дәстүрлі медиа мерзімді басылымдар жиынтығы болған. Бұл медиа түрі қазіргі уақытқа дейін сақталған. Алайда, оған деген сұраныс айтарлықтай көп емес. Жаңа технологиялардың дамуымен және ғаламтордың пайда болуымен мерзімді басылымдардың тұтынушылары азайды. Дәстүрлі медия мен Жаңа медияның басты айрмашылығы екеүінің екі түрлі коммуникацияны ұстануы. Дәстүрлі медиа бір жақты коммуникацияны ұстанады. Яғни, ақпаратты таратқан кезде ешкандай кері байланыс болмайды (Feedback). Ал Жаңа Медиа транзакциялы коммуникацияны ұстанған. Яғни, ақпарат таратушы мен тұтынушының (немесе оқырманның) арасында кері байланыс бар.

Әр нәрсенің тарихы болады. Медианың түпкі тарихы коммуникацияның ежелгі құрылған кезінен бастау алды. Яғни, ишара белгілерімен коммуникация орнату кезеңі, көне және алғашқы жазулардың пайда болуы коммуникация мен медианың дамуына басты себепкер болды. Қазіргі таңда медиа озық технологиялармен қатар белсенді даму устінде.